
Теміртаудағы 9-шы шағын ауданның тұрғын үйлерінің бірінде кішкентай қызды жалыннан алып шыққан құтқарушының бейнесі пайда болды. Бес қабатты үйдің қабырғасына муралды елордалық суретшілер салды.

Сурет үш күн ішінде салынды. Бірақ авторлардың айтуынша, мұндай қысқа мерзім сапаға еш әсер етпеген. Өнер нысаны көп жылдар бойы теміртаулықтарды қуантады.
– Біз Теміртауға муралдар керек деп шешкен кезде, басқа қалалардың тәжірибесін зерттей бастадық, бүкіл ел бойынша түрлі техникалар мен әр түрлі суретшілердің жұмыстарына қызығушылық таныттық, – дейді "Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Айнагүл Әбдірахманова. – Бұл муралға тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Құтқарушылар әрқашан алдыңғы қатарда, өз өмірлерін қатерге тігеді. Біздің муралда бейнеленген өрт сөндіруші – бұл төтенше жағдайларды жоюға да, олардың алдын алуға да қатысатын барлық қызметкерлердің ұжымдық бейнесі.
Теміртауда басқа да көше-арт-нысандар пайда болуы тиіс. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылы өзекті тақырыптар бойынша 10-ға жуық мурал салу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта теміртаулықтардан қай үйлерде суреттерді көргісі келетіні туралы ұсыныстар жинау жұмыстары жүріп жатыр. Өз ұсыныстарыңызды Instagram әлеуметтік желісіндегі @abdrakhmanova_a_zh парақшасының direct-не жіберуге болады.