Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы "Өшпес ерлік" жобасы бойынша "Жеңіс батырлары" халықаралық интернет-байқауын өткізеді. Ол ҰОС-ның үш қатысушысы – екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бегелдиновтың, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың және "Халық қаһарманы" атағының иегері Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына арналған.
Екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде өтетін байқауға қатысуға 15 жастан 24 жасқа дейінгі жастар шақырылады. Кандидаттарға қазақстандық батырлар-Талғат Бегелдинов, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың тағдырлары, олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлестері туралы шығармашылық нысанда (бейнеролик) түсіру ұсынылады. Әр қатысушыдан тек бір жұмыс қабылданады.
Байқау үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші – қатысушылардың бейнероликтерін қабылдау;
- екінші – конкурстық комиссияның қатысушылардың жұмысын бағалау және халықтық дауыс беру;
- үшінші – жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі.
Талаптар:
- бейнероликтің ұзақтығы 5 минуттан аспайды;
- роликте қатысушының Ұлы Отан соғысының батыры, фашизмді жеңуге қосқан үлесі, қысқаша өмірбаяны және т. б. туралы әңгімесі болуы керек.;
- қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнеклип және т. б.);
- кез-келген қол жетімді құралдармен түсірілген (жасалған) бейнероликтер ұсынылады (бірақ слайд-шоу емес);
- конкурсқа ұсынылған бейнероликтердегі мәліметтер дұрыс болуы тиіс;
- роликте фотосуреттер, музыкалық фон және т. б. қолданылуы мүмкін;
- бейнероликтің басында қатысушы өзінің тегін, атын және жасын айтады немесе ақпараттық бет басын жасайды;
- жұмыста автор (авторлар) пайдаланған материалдар мен ресурстарға сілтемелер тізімі болуы керек;
- берілген файлдардың форматы: MPEG, WMV, AVI, MP4.
Халықаралық интернет-байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар беріледі.
4–16 қараша аралығында кітапхананың ресми YouTube-арнасының алаңында үздік бейнеролик үшін ашық дауыс беру өтеді, нәтижесінде көрермендер дауыс беруінің көшбасшысы анықталады (лайк саны бойынша). Ең көп лайк жинаған қатысушы жеңімпаз болады.
Конкурсты өткізу барысы туралы ақпарат және ереже uniorlib.kz сайтында және әлеуметтік желілерде орналасқан.
"Жеңіс батырлары" халықаралық интернет-байқауына қатысу үшін өтінімді белгіленген нысан бойынша толтырып, конкурстық жұмыспен бірге 1 қарашаға дейін электрондық поштаға жіберу қажет: karaganda_oub@mail.ru.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Ж. Бектұров атындағы ОББ, Қарағанды қ., Ержанов к-сі, 8а, байланыс телефондары: (8-7212) 43-06-48, 43-07-04, 8-705-138-25-97.