Tik Tok Қазақстан мұғалімдеріне арналған байқауды бастайды

Tik Tok Қазақстан мұғалімдеріне арналған байқауды бастайды

TikTok қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады. Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауға шақырылады.

TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және мұғалімдер тобы @jump2mars.

TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі, бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндіктері туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.

Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімдері шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде  байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері  хештегі пайдаланылуы тиіс.

Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:

- «Ең креативті мұғалім». Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі – химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Улан Үсенов @wannabeteacher ұсынады;

- «Жаңа мұғалім». Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сенгирбай @aks.dani болады;

- «Үздік бейнеролик». Хэштегі бар бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.

Байқау жеңімпаздары iPhone 13 PRO Max смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша