Қарағандыда қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовке бюст орнатылды

Қарағандыда қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовке бюст орнатылды

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Қарағандыда ғалым және жазушы бюсті ашылды. Ол Орталық қалалық кітапхананың жанындағы алаңда орнатылған.

Ғалым-филологтың бюстін мүсінші Ербосын Бағыбаев жасаған. Оны дайындауға бір айға жуық уақыт кеткен.

– Мұхтар Әуезов – қазақ зиялыларының жарқын өкілі. Оның бейнесі бізге бала кезінен оның шығармалары арқылы таныс. Ол біз үшін Ұлы Абайды ашты, бай мұра қалдырды. Мен бюст жасауға тапсырыс алған кезде қатты қуандым. Өйткені, бұл аңызға айналған тұлға және оның бюстін орындау мен үшін үлкен мәртебе, – дейді Ербосын Бағыбаев. – Бюсттің биіктігі тұғырымен қоса есептегенде 2,5 м-ге жетеді, бюсттің өзі шамамен 1,2 м. Алдымен мен оны саздан жасадым, содан кейін оны бетонға құйдым.

Мүсіннің сырты қола бояумен және лакпен қапталған. Тұғыр керамогранитпен жапсарланған.

Мүсіншіге жазушының көзі мен ернін жасу ерекше қиын болды.

– Бір қарағанда, Мұхтар Әуезовтің бейнесін жеткізу соншалықты күрделі міндет емес сияқты. Ал шын мәнінде, мен көптеген фотосуреттерді зерттеп, оны өзім үшін қайта ашуға тура келді. Мен мұны жүзеге асыра алдым деп ойлаймын. Тиісті күтіммен бюст ондаған жылдар тұрады, – дейді мүсінші.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актері жазушы бюстінің ашылуында "Жас Абай" драмасынан үзінді ұсынды. Ал Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған байқаудың жеңімпазы Ақшарқат Ешқұлова оның өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Сондай-ақ, ғалымның туған күніне орай Орталық қалалық кітапханада оның есімімен оқу залы ашылды. Әуезов залында қонақтардың назарына жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды.

Сонымен қатар, Қарағандыда Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын мерекелеу аясында "Шоқтығы биік жазушысы" конференциясы өтті. Қала театрларында "Жас Абай", "Біл, ұрпақ, мен саған жол аштым!", "Қарагөз".

Қала мұражайларында "Әлем таныған Әуезов" әдеби-көркем іс-шарасы және ЖОО мен колледж студенттерінің қатысуымен "Мұхтар Әуезовтің ұлы мұрасы" тақырыбында кездесу-әңгіме ұйымдастырылды. Кітапханаларда библиоквесттер, портрет-кештер және әдеби-музыкалық кештер өтті, балалар-жасөспірімдер клубтары мен мәдениет үйлерінде кітап көрмелері, классиктің өмірі мен шығармашылығын білуге арналған викториналар, "Мұхтар Әуезов" деректі фильмінің көрсетілімдері өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, жазушы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Оның төрт томдық "Абай жолы" романы "Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына" енді.