Қарағанды облысында қарттар күніне орай 58 мыңнан астам адам біржолғы көмек алады

Қарағанды облысында қарттар күніне орай 58 мыңнан астам адам біржолғы көмек алады

Қарағанды облысында Халықаралық қарттар күніне орай біржолғы материалдық төлемдерді 58,6 мың адам алады. Сондай-ақ қайырымдылық акциялары мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Өңір тұрғындарына біржолғы көмек көрсетуге 460 миллион теңге бөлінді, оның 45 миллионға жуығы — бюджеттен тыс қаражат.

Қоғамдық ұйымдар мен қорлар аймақтың қарт тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын өткізеді. Мерекелік іс-шаралар да жоспарланған. Қалалар мен аудандарда бұқаралық серуендер, жарыстар, байқаулар мен түскі астар ұйымдастырылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері, киім түрінде көмек көрсетіледі. Жеке сектор тұрғындарына алдағы жылыту маусымына қарай көмір мен отын сатып алуға көмек көрсетіледі.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша