Қарқаралы ауданында Татан ауылы күнін мешіттің ашылуымен, жарыстармен және концертпен атап өтті

Қарқаралы ауданында Татан ауылы күнін мешіттің ашылуымен, жарыстармен және концертпен атап өтті

Қарқаралы ауданында Татан ауылының күні аталып өтті. Мереке елді мекенде жергілікті тұрғындардың бастамасымен салынған мешіттің ашылуына орайластырылды.

Ауыл күніне орай Татанда ондаған киіз үй тігіліп, спорттық жарыстар, аламан бәйге өткізілді.

Мерекелік іс-шараны кәсіпкер және спортшы Айдос Ақшонтаев бастаған ауыл тұрғындары ұйымдастырды. Ол бірнеше жыл бұрын ауылдастарын арнайы ауыл қорын ашуға шабыттандырды. Оған ақшаны қазіргі ауыл тұрғындары да, Татаннан ұзақ уақыт бұрын көшіп кеткендер де салады. Жиналған қаражатқа жергілікті белсенділер ауылды абаттандырып, өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасайды.

– Ауыл күнін мерекелеуге еңбектеген баладан, еңкейген қарияларға дейін барлық тұрғындар қатысты. Олар ұйымшыл екендерін көрсетті, барлығын өздері ұйымдастырып өткізді. Біз мешіт салып бергені үшін Айдос Ақшонтаевқа өте ризамыз. Бұл игі іс. Ол сондай-ақ имам табуға көмектесті, оған үй сатып алды, жөндеді. Жақын арада имамның отбасы бізге көшеді, оның балалары жергілікті мектепке барады, – деді Темірші ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Лашын Қалиасқарова.

Татандағы мешіттің құрылысы 2019 жылы басталды. Ашылу Ауыл күніне орайластырылды. Оған жергілікті тұрғындар ғана емес, облыс орталығының бас имамы Өмірзақ Бекқожа бастаған дін қызметкерлері де жиналды. Сондай-ақ Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын да қатысты.

"Мешіт орталық көшеде салынған. Біз барлық ауылмен оның ашылуына дайындалдық. Тұрғындар үйлерді бояп, ағартады. Қор қаражаты есебінен осы көше бойында бірыңғай гаммада қоршау орнатылды. Сондай-ақ, Татанға кіре берісте қазір меценаттың бастамасымен кіреберіс арка орнатылуда", – деді ауыл тұрғындары.

Ауыл күні гала-концертпен аяқталды. Тұрғындар алдында "Абадан", "Қарқаралы" ұжымдары, әртістер Лаура Айтбаева, Балауса Абдуалиева, Фархат Мейраш және Гүлнұр Оразымбетова өнер көрсетті. Екі жылдан кейін Татан тұрғындары ауылдың 60 жылдығын атап өтеді.

Елді мекен аудан орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан. Онда жайлы өмір сүру үшін қажетті жағдайлар жасалады. Жақында Татанда заманауи ойын алаңы және воркаут аймағы бар көпфункционалды спорт алаңы пайда болды. Бұл нысандар бюджеттік қаржыландыру есебінен орнатылды.