Қазақ драма театры қарағандылықтарды музыкалық комедияның премьерасында күтеді

Қазақ драма театры қарағандылықтарды музыкалық комедияның премьерасында күтеді

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театры 1 және 2 қазан күндері сағат 17:00-де драматург Еркін Жуасбектің "Үйлену" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

– Бұл музыкалық комедия ән мен биді де қамтиды. Режиссер – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің кавалері Нұрлан Жұманиязов. Ол Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында қызмет етеді. Әр режиссер музыкалық спектакль қоя бермейді, сондықтан осы кісіні шақырдық, – дейді қазақ драма театрының директоры Құрман Қалымов.

Жан жарын табу және отбасын құру оңай емес. Адамдар тойдың боларынан боладысы қызық деп бекер айтпайды. Комедияда Бөлек атты бас кейіпкерді оның ата-анасы Керек пен Дерекгүл жалғыз ұлына бақыт тілеп, олардың пікірінше, үйлену үшін лайықты қыздармен таныстырады. Бірақ жас жігіт қарапайым үй шаруасындағы Зерекке ғашық болады. Спектакльде сатира мен юмормен үйлесімде адам табиғатына тән байлыққа құштарлық, адалдық пен сатқындық, мейірімділік пен ашкөздік көрсетілген.

Билеттерді театр кассасынан сатып алуға болады. Анықтама телефондары: 41-39-89, 8-701-911-76-76, 8-776-580-88-87.