
Қарағандыда жылыту маусымы 30 қыркүйекте басталады. Бірінші кезекте – 28-і күні балабақшаларда, мектептерде, ауруханаларда және т. б. жылумен қамтамасыз ету іске қосылады.
Жылыту маусымының басталу күні – 2022-2023 қалалық әкімдікте өткен арнайы комиссияның отырысында облыстық мәслихаттың XII сессиясының шешімімен бекітілген Қарағанды облысында жылу беру кезеңін дайындау және өткізу қағидалары, Қарағанды гидрометеорология орталығының деректері және барлық мүдделі тараптардың келісімі бойынша анықталды.
Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 27 қыркүйекте 1-ЖЭО, 3-ЖЭО, жылу желілері мен станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстардың іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісуді, циркуляциялық режим орнатуды тапсырды.
Тұтынушылар орталық жылуға кезең-кезеңмен қосылады. Тұрғын үйлерге жылу беру ПИК, МИБ және ЖМ өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Дайындық актілерінің көшірмелерін қоса бере отырып, өтінімдерді Пригородная, 9/2 мекенжайы бойынша "Теплотранзит Караганда" ЖШС кеңсесіне беру қажет.
Жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларының телефондары:
- Қазыбек би атындағы аудан – 8-777-077-70-06 (Мадияр Жағабайұлы);
- Әлихан Бөкейхан атындағы аудан – 8-701-325-66-66 (Сәтпек Әбдіқалықов).
Диспетчерлік қызметтердің байланыстары:
- "Сенім" бірыңғай call-орталығы – 109, @senim109.kz;
- Қазыбек би ауданының әкімдігі – 41-13-53, @qazybekbi_akim_apparaty;
- Ә. Бөкейхан ауданының әкімдігі – 37-06-42, @a.bokeihan_akim_apparaty;
"Теплотранзит" ЖШС – 56-17-79, @teplotranzitkaraganda.