Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Кадрлық өзгерістер туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте хабарлады.

Қайрат Бегімовтің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылға жуық. Еңбек жолын "Қарағандыкөмір" бірлестігінің жекешелендіру және тұрғын үй бөлімінің басшысы болып бастады.

Қарағанды қаласының аудан әкімдері аппараттарында түрлі қызметтер атқарған. Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы болды.

Қарағандыда Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Октябрь ауданының әкімі, қала әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Кейін облыстық құрылыс, энергетика және ТКШ басқармаларында басшылық қызметтерді атқарды. Жезқазған қаласының әкімі болды. 2020 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарған.