Нұрада хоккей кортын ашуға дайындық жүріп жатыр

Нұрада хоккей кортын ашуға дайындық жүріп жатыр

Қарағанды облысының Нұра кентінде жас спортшылар көптен күткен хоккей корты қыркүйек айында тапсырылады. Мердігерге нысанды толық аяқтау үшін тек ұсақ-түйек абаттандыру жұмыстарды ғана қалды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданына жұмыс сапары барысында объектіде болып, құрылысшылардың жұмысын тексерді.

Аудан орталығындағы хоккей кортының ұзаққа созылған құрылысына тұрғындар мен қоғам белсенділері шағымданған болатын. Өңір басшысына жұмыстардың аяқталғаны туралы баяндалды. Құрылымның металл құрылысы шатырмен жабылған, асфальтбетон жабыны мен жасанды газон төселген, өрт қауіпсіздігі жабдығы мен жүйесіне монтаждау жүргізілген.

Мердігер ұйым басшысының айтуынша, осы аптаның соңына қарай жанкүйерлерге арналған орындықтар орнатылады. Ол қыркүйек айында мұнда алғашқы ойындарды өткізуге болатынына сендірді.

Корт көпфункционалды: қыста хоккейшілерге арналған мұз айдыны құйылады, ал жылы мезгілде футболшылар жасанды алаңда ойнай алады.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ ұзындығы 83 км Осакаровка-Нұра трассасының қайта жаңартылуын да қарап шықты. Биыл құрылысшылар Осакаровкадан Нұра жаққа қарай ұзындығы 20 км қалған ең проблемалы учаскеге кірісті. Жол жөндеушілер тәулік бойы жұмыс істекде, шамамен 200 адам және 150 бірлік техника жұмысқа жұмылдырылған.

Автомобиль жолы техникалық стандарттарға сәйкес келеді. Биыл 15 шақырым жолдың төменгі қабатын төсеуді аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы 5 км учаске қалады, онда асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеу және абаттандыру: жол жиектері, белгілер орнатылады.

Сонымен қатар, облыс әкімі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылыс учаскесінде де болды. Нұра ауданында кезекте тұрғандарға арналған үйлер салынуда. Екі пәтерлі 20 үй салу жоспарланған.

Жеңіс Қасымбек құрылысты белсенді жүргізуді және жұмыс сапасын қадағалауды тапсырды.