
«Жасыл ел» еңбек жасағының қарағандылық жауынгерлері Соқыр өзені мен жақын маңдағы саяжайларды тазартты.

«Таза жағалаулар» экологиялық акциясы барысында олар 300 келіден астам қоқыс шығарды.

Шара Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен өтті.

«Әлеуметтік желілерде саяжай тұрғындарының қоқыстарды үйлерінің сыртына, су қоймасының маңына, Соқыр өзенінің маңына лақтыратыны туралы шағымдар көп. Соның салдарынан ол жерде заңсыз қоқыс полигондары қалыптасады. Сондықтан Соқыр өзенінің аумағында тазарту жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Акцияны Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қызметкерлері қолдап, «Жасыл ел» еңбек жасағы көмектесті. Оған барлығы 43 адам қатысты», – дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Барлық жиналған қоқыс полигонға жіберіледі. Акцияға қатысушылар тұрғындарды табиғатты аялап, қоршаған ортаға қоқыс тастамауға шақырады.
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша