Қарағандылықтар үшін музыкалық кештер ұйымдастырылады

Қарағандылықтар үшін музыкалық кештер ұйымдастырылады

Қарағанды тұрғындары үшін Мәдениет сарайлары мен үйлері үнемі концерттер беріп тұрады. Алдағы демалыс күндері де мәдени шаралардан тыс қалмайды.

Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде 20 тамыз күні сағат 18:00-де "Өнер әлемі" атты музыкалық кеш өтеді.

"Сіздерге шын жүректен" музыкалық бағдарламасын теміржолшылардың мәдениет сарайы дайындады. Іс-шара 20 тамызда сағат 18:00-де өтеді.

21 тамыз, жексенбі күні Пришахтинскідегі "Молодежный" мәдениет үйінде қарағандылықтарды "Жалғы әуендер" музыкалық кешінде күтеді. Басталуы 18:00.