Қазақстанда 17 қыркүйекте "Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы өтеді

Қазақстанда 17 қыркүйекте "Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы өтеді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды Дүниежүзілік тазалық күніне біріктіруге және сенбілік өткізуге шақырады. World Cleanup Day 2022 экологиялық акциясы 17 қыркүйекте өтеді.

"Акцияның мақсаты – аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының халқын біріктіру болып табылады. Қазақстанның Дүниежүзілік акцияға қатысуы елді "Жасыл" экономика қағидатын іске асыратын және Орнықты даму – 2030 мақсаттарына қол жеткізетін жаһандық әлемдік Экологиялық акциялардың қатысушысы ретінде танытуға мүмкіндік береді", – делінген Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.