Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу. Жеңіс Қасымбек наурыз айындағы тапсырмаларының қалай орындалатынын тексерді

Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу. Жеңіс Қасымбек наурыз айындағы тапсырмаларының қалай орындалатынын тексерді

Приозерск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мәдениет үйі салынады. Тұрғындар бірнеше жыл бойы жергілікті биліктен осы мәселені шешуді сұрап келді және бұл сұрақ наурыз айында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесуде көтерілді.

Сол уақыттан бері не істелді және әлі де қандай жұмыстар істеу керектігін аймақ басшысы өзі тексеріп, тұрғындармен кездесті.

– Сіздер үш негізгі мәселені көтердіңіздер. ДСК, Мәдениет үйінің құрылысы, стадионды жөндеу. Бұл үш ірі жоба, біз оларды облыстық бюджеттен қолдаймыз. Спорт нысандары бойынша процесс басталды. Мәдениет үйі бойынша да қаржыландыруды толық көлемде қамтамасыз етеміз, – деді Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде.

Қала әкімі Сапар Сатаев ДСК құрылысына конкурс жарияланғанын хабарлады. Мердігерді анықтағаннан кейін жұмыстар басталады, жоба екі жылдық. Мәдениет үйі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарлануда.

50 жыл бұрын салынған қалалық стадион толығымен өзгереді. Авариялық мінбелер қайта құрылады. Футбол алаңына жасанды көгал төселіп, тартан жүгіру жолдары жасалады, хоккей корттары, воркаут-алаңдар орнатылады.

Сапар Сатаевтың айтуынша, наурыздағы кездесуден кейін барлық мәселелер шешілді. Мысалы, кәсіпкерлер өз нысандарын орталық жылу жүйесіне қосу мәселесін көтерді. Қазір бұл мәселе жұмыс барысында, жылу трассасын кеңейту басталды. Биыл қалалық қонақ үйлердің біріне жылу беріліп, келесі жылы тағы бірнеше ШОБ нысандары қосылады.

Биыл қаланың өзі айтарлықтай өзгерді, анағұрлым көгалдандырылды. Мұнда 6 мыңға жуық ағаш пен 18 мың бұта отырғызылды.

Шашыратып және тамшылатып су құю әдісі бар жаңа суару жүйесі орнатылды.

Туризмді дамыту үшін қалалық жағажай аумағын абаттандырылды. Мұнда волейбол мен футбол алаңдары, воркаут-аймақтар, балалар ойын кешендері және басқа да белсенді демалыс орындары пайда болады.

Кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үйлер салынуда.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша биыл бес қабатты екі үй пайдалануға беріледі.

Ондағы пәтерлерді әлеуметтік осал санаттағы 90 отбасы алады.

Тұрғындардың айтуынша, еркін микрофон форматындағы мұндай кездесулер өте тиімді.

– Мен Приозерск қаласында 26 жыл тұрамын. Қазір қалада көптеген жақсы өзгерістер болып жатыр. Әрине, мұндай кездесулер адамдардың мәселелерін шешуге көмектеседі. Наурыз айында облыс әкімімен кездесуде төрт сұрақ қойдық. Олардың барлығы назардан тыс қалған жоқ. Бүгін тағы бірнеше мәселе айтылды. Олар өз шешімін табады деп ойлаймын, – деді қала тұрғыны Махаббат Юнусова.

Жеңіс Қасымбек жеке қабылдау да өткізді. Әңгіме тұрғын үй құрылысын, жолдарды жөндеуді жалғастыру туралы болды. "Балбөбек" балабақшасы блогының құрылысын аяқтау туралы мәселе көтерілді. Өңір басшысы әр мәселе бойынша тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі қалалар мен аудандардағы тұрғындармен кезекті кездесулерді бастайды. Анонстар Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында жарияланады.