Тағы да алтын: қарағандылық теннисші халықаралық турнирде жеңіске жетті

Тағы да алтын: қарағандылық теннисші халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өткен WTA Youth Contender ірі турнирінің алтын медалін жеңіп алды. Olympic.kz хабарлағандай, бұл жоғары марапат халықаралық деңгейде қол жеткізген 15-ші жеңіс болды.

Құрманғалиев 15 жастағы спортшылар арасында чемпион атанды. Турнир барысында ол даниялық Янус Бедстедті (3:0), Үндістаннан келген Баламуруган Раджасекаранды (3:1), неміс Фридрих Кун Фон Бургсдорфты (3:1) және швед Питер Алестедтті (3:0) жеңді.

Жартылай финалда Алан кәріс Ли Сынсқа еш мүмкіндік қалдырмады – 3:0. Шешуші матчта Құрманғалиев Оңтүстік Корея командасының тағы бір өкілі – Квон Хекпен кездесті. Қарсыласу 3:1 есебімен аяқталды.

olympic.kz