ІІМ қазақстандықтарға алаяқтық туралы ескерту SMS таратып жатыр

ІІМ қазақстандықтарға алаяқтық туралы ескерту SMS таратып жатыр

Ішкі істер министрлігі алаяқтық туралы хабарлама жібере бастады. Мобильдік байланыс әрбір қазақстандыққа қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткен жағдайлары туралы ақпаратты беру ел тұрғындарын ауқымды түрде жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

ІІМ сергек болуға және негізгі сақтық шараларын сақтауға шақырады:

- еш жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

- өз дербес деректеріңізді, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен код сөздерін, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын адамдарға және т. б. бермеңіз;

- жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге сеніп бермеңіздер. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз;

- күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмаңыз, айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болыңыз;

- қосымшаларды орнату үшін тек App Store, Play Market және т. б. ресми дереккөздерін пайдаланыңыз;

- төлем жасау үшін жіберетін немесе белгісіз контактілерден немесе сплит терезелерден СПАМ-жіберілімдерде болатын сілтемелер бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

- банкинг қызметтеріне қол жеткізу құпиясөздерін үнемі ауыстырып отыру, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын пайдалану;

- шоттардағы ақша қозғалысын жиі тексеріңіз.

t.me/POLICE_of_KZ/2666