Қарағандыдағы ағаштарды кесу фактісі бойынша заңға сай жаза қолданылады

Қарағандыдағы ағаштарды кесу фактісі бойынша заңға сай жаза қолданылады

Қарағандыда ағаштарды кесу фактісі бойынша өңір басшысы Жеңіс Қасымбек пікірін білдірді. Облыс әкімі құқық қорғау органдарына орын алған фактілерге нақты назар аударуды тапсырды.

Ағаштарды санитарлық кесу ережелерін сақтамайтын және нормаларды ескермейтін барлық адамдар қолданыстағы әкімшілік заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бұл "Абсолют" сауда орталығының жанындағы соңғы жағдайға да қатысты.

– Жасыл желектерді күтіп баптауды бақылауда ұстауды нақты тапсырдым, бірақ, өкінішке орай, ағаштарды жөн-жосықсыз кесіп тастау фактілері орын алуда. Әкімдіктер мен қаланың өзі жұмысты бақыламайды, сондықтан құқық қорғау органдарына қосылуды сұраймын – қолданыстағы заңнама аясында барлық заңды айыппұлдарды төлеуді қамтамасыз етіңіздер, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі қала басшылығына өтемдік ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, жасыл желектерді санитарлық кесу ережелерін бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты шешім қабылданады.