Приозерск және Балқаш тұрғындарының назарына!

Приозерск және Балқаш тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 11 тамызда Приозерск және Балқаш тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу сағат 10:30-да "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Космонавттар көшесі, 2 мекен-жайында өтеді. Жеке қабылдау – 11:30-да.

Қарағанды облысының әкімі балқаштықтармен сағат 16:00-де М.Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайында (Абай көшесі, 32) кездеседі. Жеке қабылдау 18:00-де басталады.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс топтары құрылды.

Балқаш тұрғындары өтініштерін мына телефондар арқылы: (8-71036) 4-19-35, 4-42-61, 4-26-48 жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра алады: inform_kont@krg.gov.kz.

Приозерск қаласының тұрғындары үшін телефон (8-71039) 5-30-06; электрондық пошта мекенжайы: prio_akimat@krg.gov.kz.