Бұқар Жырау ауданының көп балалы тұрғыны мемлекет қолдауының арқасында өз ісін ашты

Бұқар Жырау ауданының көп балалы тұрғыны мемлекет қолдауының арқасында өз ісін ашты

Бұқар Жырау ауданы Новоузенка ауылының тұрғыны көп балалы ана Гүлина Құрманғали "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, Қазақстан халқының табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша грант алды. Бұл қаражатқа 33 жастағы әйел ағаш төсеме шығаратын екі цех ашты.

Гүлина Құрманғали күйеуі Сайран Бейсенмен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Ең үлкен баласы – 12 жаста, ал кенжесі – 11 айлық. Өткен жылы ерлі-зайыптылар өз ісін ашуға шешім қабылдаған. Көп балалы ана халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, оқудан өткен және грант байқауына өтінім берген.

– Оқу өзіме сенуге септігін тигізді. Мен көп нәрсені үйрендім. Бизнес-жоспар құрып, жлдасым екеуміз өз күшімізді сынап көруді шештік. 1 миллион 255 мың теңге көлемінде грант алдық, өз қаражатымызды қостық және цех үшін құрал-жабдықтар сатып алдық, – дейді кәсіпкер. – Біз алты ай бойы жұмыс істеп келеміз. Бәрі жақсы жүріп жатыр. Бірден дерлік ірі компаниялармен ынтымақтаса бастадық. Олар үшін біз айына мың қалып жасаймыз. Бұл кішігірім тапсырыстарды есептемегенде.

Ерлі-зайыптылар бір қызметкерді жұмысқа орналастырды. Тағы екі адамды жұмысқа алу жоспарда бар. Гулина негізінен тапсырыстарды қабылдайды, ал күйеуі оларды орындайды.

– Шикізатқа Көкшетаудан тапсырыс береміз. Шегелер мен бұрандаларды Алматыдан аламыз. Төсемелер шығару маусымдық бизнес емес. Ол үшін ерекше жағдай қажет емес, сондықтан біз дәл осы тауашаны таңдадық, – дейді Гулина. – Бұрын күйеуім он жыл бойы қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істеді. Бірақ өзің үшін жұмыс істеу әлдеқайда тиімді және ыңғайлы. Біз аптасына бес күн таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейміз. Тапсырыстар жеткілікті.

Кәсіпкер болашақта шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуді көздеп отыр. Ол А-4 форматындағы қағазды және авторлық стильдегі ағаш қоршауларды шығаруды жоспарлап отыр. Ол үшін Гулина жеңілдетілген несие беруді пайдаланғысы келеді.

Биыл Қарағанды облысында Жұмыспен қамту шараларымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 40 мыңнан астам адамды қамту, сондай-ақ өңірдің 25 мыңнан астам тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарлануда.