Қарағандының орталық саябағында домбыра күні атап өтіледі

Қарағандының орталық саябағында домбыра күні атап өтіледі

3 шілдеде Қарағанды орталық саябағының жағалауында "Шанақтан шыққан әуез" фестивалі өтеді. Ұлттық домбыра күніне орай көптеген қызықты іс-шаралар жоспарланған.

Фестиваль сағат 12:00-де Құрманғазының "Балбырауын" және "Адай" күйлерін орындаумен басталады. Музыкалық шығармаларды бір мезгілде 500 домбырашы орындайды. Флешмобқа Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінен, Қарағанды техникалық университетінен, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан, қалалық мәдениет үйлерінің аспаптық ұжымдары, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер қатысады.

Сахна алдындағы алаңда домбырашылардың үш буыны өнер көрсетеді.

Іс-шараға "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының 72 жастағы қызметкері, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашев қатысады. Ол Қазақстанның ен даласына жаяу жорыққа аттанып, 1700 шақырым жол жүріп өтті. Сапар барысында Сәрсенбай Қотырашев ел тұрғындарын Ұлытаудың тарихымен және киелі жерлерімен таныстырғысы келеді.

Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің музыканттары сағат 12:10-да өнер көрсетеді.

Сағат 13:00-де музыка мектептері тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасы дайындалды. Қаланың мәдениет үйлерінің шығармашылық ұжымдары көрермендерді сағат 14:30-да қуантады.

Кешке, сағат 19:00-де жас домбырашылардың өнерін тамашалауға болады.

Күні бойы тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту және асық ату ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сыныптары өтеді.