Қарағандылықтарды экологиялық сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды экологиялық сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы барлық ниет білдірушілерді "Бөл, Тапсыр, Қайта өңде!" жобасы аясында қоқысты бөле отырып жинау бойынша сенбілікке қатысуға шақырады. Іс-шара саябақтарды, скверлерді және аула аумақтарын тазарту бойынша "Бірге — Таза Қазақстан" республикалық акциясы шеңберінде өткізіледі.

"Біз облыс тұрғындарын республикалық акцияға белсене қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға шақырамыз", — деп Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қарағандылықтарға үндеу жасады.

Сенбілікке қатысушыларды 2 шілде күні сағат 09:45-те Майқұдықтағы "Колос" аялдамасында күтеді. Іс-шараның басталуы — 10:00. Сенбілікке қажетті жабдықтар беріледі.

Жиналған барлық қоқыс қайта өңдеуге жіберіледі.

Сенбілікке қатысушылар интерактивті экологиялық іс-шараларда үздік нәтижелері үшін бағалы сыйлықтар ала алады.