Кезекші ХҚКО сенбі күндері жұмыс істейтін болады

Кезекші ХҚКО сенбі күндері жұмыс істейтін болады

Қарағандының кезекші ХҚКО сенбі күндері жұмыс істейтін болады. Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгерді.

Енді олар демалыс күндерін қоспағанда, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері олардың кестесі өзгеріссіз қалады – 09:00-ден 20:00-ге дейін.

Қарағанды облысында Қарағанды қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші болып табылады. Ол Қарағанды қ., Ержанов к-сі, 47/3 мекенжайы бойынша орналасқан. Өңірдің қалған ХҚКО-лары жұмысын стандартты кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді EGOV порталы, eGov mobile мобильді қосымшалары және "ХҚКО" арқылы онлайн алуға болады.

Қазақстандықтар сондай-ақ "ХҚКО" қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасында ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады.

Кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар.

Ұлытау және Жетісу облыстарында олар кейінірек анықталады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ақпараты бойынша