Станиславский театры қарағандылықтарды премьераға шақырады

Станиславский театры қарағандылықтарды премьераға шақырады

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында "Үлкен ұл" спектаклінің премьерасы өтеді. Өнер сүйер қауымды театр 25 және 26 маусымда сағат 17:00-де күтеді.

Александр Вампиловтың "Үлкен ұл" лирикалық драмасы – мейірімді, жанашыр, жүрегі ашық, қандай да бір аңғал адамдар туралы әңгіме. Ол әзіл ретінде басталады, іс жүзінде анекдот, содан кейін өзін-өзі іздеу, бақыт пен махаббат туралы әңгімелейтін астарлы әңгіме көлеміне жетеді.

Қарағандылық әртістермен жұмыс және премьерасы туралы "Үлкен ұл" спектаклінің қоюшы-режиссері, В. Ф. Комиссаржевская (Санкт-Петербург, Ресей) атындағы Академиялық драма театрының бас режиссері Леонид Алимов баяндап берді.

– Мен алғаш рет Қазақстанда, Қарағандыда болып, қалаға, адамдарға, театрға және актерлердің өз ісіне деген қарым-қатынасына ғашық болдым. Маған Санкт-Петербургте "Сен жындысың, бір айда Вампиловты қою мүмкін емес, ол күрделі және байсалды пьеса" деген еді. Ал мен неге екенін білмкймін, әйтеуір сенімді болдым. Біз осының бәрін Қарағанды театры ұжымының арқасында жасадық. Осы жерде өткізген уақыт аралығында мен спектакльдерге бардым, Қарағандыда көрермендер ашық екенін түсіндім, олар нағыз эмоцияларды қалайды, – дейді Леонид Алимов.

"Үлкен ұл" пьесасы 50 жыл бұрын жазылған, бірақ ол әлі де өзекті.

– Бұл классика, жазылғаннан бері 50 жылдан астам уақыт өтті, ал сіз оның мәңгі екенін түсінесіз. Өйткені бұл қарапайым адамдар, нағыз сезім, махаббат, әкелер мен балалар туралы. Бұл ешқашан ескірмейді, – деп есептейді режиссер. – Мұның бәрі біз туралы. Бұл пьесаны біз өзгерттік, бірақ сөздер, барлығы қалды. Бұл адасқан ұл туралы әңгіме, бұл үй туралы, құтқаруға тырысатын және құтқаратын үй туралы әңгіме. Бас кейіпкер – Сарафанов, оны ойнау оңай емес, бірақ біз керемет команда жасай алдық. Бұл спектакль өмір сүруге тиіс және солай болады да.

Спектакльде Сарафановтың басты кейіпкерін актер және жарық суретшісі Денис Цветков ойнайды.

– Бұл мүлдем басқа екі мамандықты біріктіру тұрғысынан ең күрделі жұмыстардың бірі болды. Сахнада жарық арқылы не болып жатқанын бақылау және онымен жұмыс істеу қиын, бірақ қызықты. Менің кейіпкеріммен байланыс нүктелері өте көп. Мен Вампиловтың пьесасында Сарафановты ойнаймын деп ешқашан ойламаппын. Бұл автор және мен ойнайтын кейіпкер маған жақын", – деді Денис Цветков.

Станиславский театры "Үлкен ұл" спектаклімен 91-ші шығармашылық маусымын жабады. Айта кету керек, өткен театр жылы премьераларға бай болды.

– Біз бұл маусымды жемісті жабудамыз, өйткені түрлі жанрларда көптеген спектакльдер қойып үлгердік. Бізде Мольер болды, репертуардың қоржынына қазақтың заманауи драматургиясын қостық, Шығыс ертегілерінің топтамасын қойдық, – деп атап өтті К. С. Станиславский атындағы театрдың басшысы Дунай Еспаев. – Біздің актриса Галина Турчина "Құрмет" орденін алды. Сондай-ақ, көптеген қызметкерлеріміз түрлі ведомстволық марапаттарға ие болды. Жақында біздің ұжым Қазақстанның театр қайраткерлері Одағының "Еңлікгүл" сыйлығының "Үздік театр" номинациясында марапатқа ие болды. Ол елдегі ең жақсы театрлардың бестігіне кірді.