Электронды еңбек биржасында алғаш рет жастарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді

Электронды еңбек биржасында алғаш рет жастарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді

Электрондық еңбек биржасында алғаш рет enbek.kz онлайн бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Оған еліміздің 20-дан астам ірі компаниясы қатысады, олар жас мамандарға 1300-ден астам жұмыс орнын ұсынуға дайын.

Жәрмеңке 27–29 маусымда өтеді. Оған 18–35 жас аралығындағы жастар орналасқан жері мен тұрғылықты жеріне қарамастан қатыса алады.

Жұмыс берушілер ретінде экономиканың түрлі салаларындағы Қазақстанның жетекші компаниялары қатысады.

Онлайн бос орындар жәрмеңкесіне қатысу үшін enbek.kz сайтында алдын ала тіркеуден өту қажет. 

Қатысушылардың әрқайсысы жарияланған бос орындарға үн қосып, өз түйіндемесін жібере алады. Алдын ала өтінім бойынша онлайн-әңгімелесуден өтетіндердің тізімі жасалады.

HR-менеджерлер өз ұйымдарының презентацияларын өткізіп, жұмыс шарттары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және басқалары туралы айтып береді.

Онлайн іс-шара YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, цифрлық формат жұмысқа орналасу процесін жеңілдетуге, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді жақындастыруға көмектеседі.

Жәрмеңке ережелерімен және бағдарламасымен enbek.kz сайтында танысуға болады.