Қарағанды облысында ірі қара малын асылдандыру жалғасуда

Қарағанды облысында ірі қара малын асылдандыру жалғасуда

Қарағанды облысында мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы Ресей Федерациясынан «Сыбаға» бағдарламасы аясында Шет ауданына қарасты «Аманат» шаруа қожалығымен герефорд тұқымдас ірі қара малдың 315 басы сатып әкелінді.

Сонымен қатар, аталған шаруашылыққа «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» Қағидасына сәйкес, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы