"Шұбаркөл Көмір" АҚ жаңа зауыты жылына мың тонна белсендірілген көмір өндіретін болады

"Шұбаркөл Көмір" АҚ жаңа зауыты жылына мың тонна белсендірілген көмір өндіретін болады

"Шұбаркөл Көмір" АҚ белсендірілген көмір өндіру зауыты толық қуатына шықты. Кәсіпорын жылына 1000 тоннаға дейін отандық абсорбент шығарады және импортты ішінара жабады. ТМД елдерінің аумағында әзірге ұқсас зауыттар жоқ.

Кокстың ұсақ заттарынан жасалған активтендірілген көмірдің алғашқы сынақ партиясы 2020 жылы жаңа зауытта алынды. Екі жылдан кейін өндіріс толық қуатына шықты.

Жобаның басты міндеті импортты алмастыру мәселесін шешу болып табылады. Белсендірілген көмір гидрометаллургиялық, алтын өндіру және фосфат өнеркәсібінде, сондай-ақ суды тазартуда қажет. Бүгінде барлық белсендірілген көмір Қазақстанға шетелден әкелінеді.

– Шұбаркөл белсендірілген көмірінің басты артықшылығы - оның өзіндік құнының төмендігі. Оның бағасының арзан болуының басты себебі шикізат ретінде арзан кокс ұнтақтары мен қазір жанып жатқан кокс газын энергия тасымалдаушысы ретінде пайдалануға байланысты. Бұл өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратудың өте маңызды проблемасын шешуге көмектеседі, – дейді коксохимиялық өндіріс жөніндегі қызметтің бастығы Сабыржан Иманбаев. – Бұл ретте осы технология бойынша алынған активтендірілген көмірдің құны негізгі бәсекелестерге қарағанда 1,5–3 есе төмен болады.

Белсендірілген көмірдің үлгілері барлық қажетті зертханалық сынақтардан өтті.

Зауыттың өндірістік қуаты одан әрі ұлғайтылуы мүмкін.

"Шұбаркөл Көмір" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша