Ақпарат

Ақпарат

"Бүгін "АрселорМиттал Теміртауда" отқа төзімді құрылыс мамандарының қайғылы қазасы орын алды. Оқиға жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде болды. 4 адам қайтыс болды, біреуі ауруханада.
Оқиға орнында ТЖД, өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ комбинат басшылығы және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс істеп жатыр.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.