Балқаш көлінде кезекшілікке жаңа құтқару катері шықты

Балқаш көлінде кезекшілікке жаңа құтқару катері шықты

Қарағанды өңірінде облыстық биліктің көмегімен құтқарушылар техникасы біртіндеп жаңартылуда. Соңғы жаңалықтардың бірі – "Қарағанды шағын кеме жасау верфі" жергілікті компаниясы дайындаған "Бертіс" көпфункционалды катері.  Жаздың бірінші күні ол Балқаштағы жауынгерлік кезекшілікке түсті және шомылу маусымы бойы көлдің акваториясын патрульдейтін болады.

Катер коррозияға ұшырамайтын беріктігі жоғары материалдан жасалған. Ол прожектормен, ажыратымдылығы жоғары теңіз радарымен, 100 м тереңдікте жұмыс істеуге арналған суасты аппаратымен, квадрокоптермен жабдықталған. Жиынтыққа құтқару шеңберлері мен кеудешелер, радиостанциялар, ауа-тыныс алу аппараттары, құрғақ және дымқыл үлгідегі гидрокостюмдер, сүңгуір аяқ киімдер мен қапсырмалар кіреді.

Балқаштағы құтқарушыларда жарақта алты жүзу құралы бар. Жаңа жылдам жүретін кеме судағы оқиғалар кезіндегі ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша