Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы "Жазғы оқу-қала" акциясының басталғаны туралы хабарлайды. Ресми ашылуы 6 маусым сағат 11:00-де өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқу-қала – бұл тек қолжетімді оқылым ғана емес, бұл – жан тыныштығы, сүйікті кітабымен саябақта серуендеу, балалар мен ересектер үшін қарым-қатынас қуанышы. Кез-келген жолаушы ашық аспан астында кітапхана оқырманы бола алады.
Ашылу күні көптеген ойын-сауық, танымдық және спорттық іс-шаралар жоспарланған. Кітапхана алдындағы алаңда қарағандылықтар ұлттық асық ойынын ойнап, әдеби викторина сұрақтарына жауап беріп, сыйлықтар алып, модельдік ойыншық жасап, кітапты тегін ала алады.
Жеті шығармашылық алаң жұмыс істейді:
- "Ғажайыптар планетасы" – зейінділікке арналған ойындар мен жаттығулар, танымдық сабақтар;
- "Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!" – шығармашылық шеберханасы, зияткерлік ойындар және шеберлік сыныптары;
- "Книголандия патшалығы" – балаларға арналған жаңа кітаптармен танысу, зияткерлік клуб және ертегілер театры, "Шебер қолдар" шеберханасы;
– "Жаз аумағы" – суреттер конкурсы, аула ойындары және викториналар;
- "Әлем ғажайыптары" – балаларға арналған домбыра сабақтары, АРТ-сағаттар және ұлттық ойындар;
- Summer fun with language! – ағылшын тілін ойын түрінде оқыту;
- "Қызықты қазақ тілі" – қазақ тілін ойындар мен ертегілерді оқу арқылы меңгеру.
Жазғы оқу залы аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері 11:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Оқу-қалаға келушілер бұрыңғыдай үй кітапханаларынан кітаптар алып келіп, "Оқыңыз және басқаға беріңіз!" буккросингке қатыса алады.
Кішкентай оқырмандар үшін "Кітапханадағы жаз" бағдарламасы дайындалды. Балалар алаңдары әр апта сайын дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
"Жазғы оқу-қала" акциясы 18 тамызға дейін жалғасады.