Қарағандылық оқушылар халықаралық математика байқауында жүлделі орындарға ие болды

Қарағандылық оқушылар халықаралық математика байқауында жүлделі орындарға ие болды

"Математика және жобалау" ХVІ халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды. Қарағандылық үш оқушы осы зияткерлік жарыстардың жүлдегерлері атанды.

Біздің облысты байқауда 14 оқушыдан құралған команда таныстырды, олардың үшеуі жүлдегер атанды. "Табиғаттағы және қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері" секциясында екінші орынды Қарағанды қаласының №18 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Диана Қордабай алды.

Үшінші орынға "Математика ғылымы" секциясында Қарағанды қаласының № 32 ЖОББМ сегізінші сынып оқушысы Ксения Рванова және "Геометриялық миниатюралар" секциясында Шет ауданының Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Аружан Темірлан ие болды.   

  

– Біз математиканы өмірде қолдана білуіміз керек. Менің оқушым экологияға байланысты өзінің жобасында математикалық білімдерін көрсетті. Біз Костенко шахтасының экологияға қандай зиян келтіретінін және бұл мәселені қалай азайтуға болатынын зерттедік. Ауаны тазарту үшін олар тез өсетін павлониялар отырғызуды ұсынды. Ағаштардың үлкен жапырақтары ауаға жағымды әсер етеді, ал тамырлары топырақты тазартып, көп мөлшерде ауыр металдарды сіңіреді. Біз өз жобамызды 2019 жылы бастадық және осымен үшінші жыл жұмыс істеп келеміз. Ол өңір бойынша екінші орынға ие болды, – деді № 18 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Айнұр Сағымбекова.

Айта кету керек, халықаралық байқаудың соңғы кезеңі Мәскеу облысының мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің базасында онлайн-режимде өтті.