Қарағанды сахнасында «Астана Опера» өнер көрсетеді

Қарағанды сахнасында «Астана Опера» өнер көрсетеді

Қарағандыға «Астана Опера» гастрольдік сапармен келеді. Труппа 25 мамырда К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Әртістер Джоаккино Россинидің «Жібек баспалдақ» операсын ұсынады, ол - композитордың үздік туындыларының бірі. Комедиялық қойылымда басты рөлді жетекші опера солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі «Большая опера» тележобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова (Джулия) сомдайды. Джулияның рөлі әншінің репертуарына 2019 жылы енді және жыл сайын ол жарқын және қызықты болуда.

– Өнер адамы үшін көрерменнің қошеметінен асқан мақтау жоқ, олар бізді шабыттандырады. Әрбір тур – бұл оқиға, жаңа аудиториямен кездесу қуанышы, бізді жақсы көретін және күтетін адамдармен тікелей байланыс. Оларға ұмытылмас әсер мен жақсы көңіл-күй сыйлаймыз деп сенемін, – дейді Салтанат Ахметова.

Салтанаттың сахналық серіктесі, Джулияның сүйіктісі Дорвиллдің рөлін сомдайтын - Артур Габдиев. Руслан Совет қарағандылық көрерменді Дормонт бейнесімен, Алтынбек Әбілда Джерманомен таныстырады, Бланзак пен Лючилланың образдарын операның жетекші солистері Евгений Чайников пен Татьяна Вицинская сомдайды. Қойылымды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, маэстро Абзал Мұхитдин басқаратын «Астана Опера» оркестрі сүйемелдейді.

Бұл турдың ерекшелігі балаларға арналған бағдарлама да қамтылған. 25 мамыр күні сағат 12:00-де көрермендер «Музыка әлемінде» атты концертті тамашалай алады. Жас қарағандылықтар үшін «Астана Опера» театрының солистері Әсем Сембина, Малика Минизини және басқа да вокалист-аспапшылар өнер көрсетеді.

 «Астана Опера» театрының Қарағандыдағы гастрольдері Қазақстан қалаларына гастрольдік сапар аясында жоспарланған. Сапарлар сәуірде Павлодар және Екібастұз қалаларынан басталды, мамырда труппа Қарағандыда, маусым айында Рудный мен Ақтөбеде өнер көрсетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, атақты труппа Қарағандыға төртінші рет келіп отыр.

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша