Өлкетану экспедициясына қатысушылар Қарағанды және Қарқаралы оқушыларын Ұлытау тарихымен таныстырады

Өлкетану экспедициясына қатысушылар Қарағанды және Қарқаралы оқушыларын Ұлытау тарихымен таныстырады

Ұлытаудан Ұлытау – Қарағанды, Қарқаралы – Ұлытау бағыттары бойынша "Ұлт ұясы – Ұлытау" туристік-өлкетану экспедициясы жолға шықты. Қатысушылар жасы 13-тен 17 жасқа дейін. Сапар соңында саяхатшылар деректі фильм түсіріп, электронды фотоальбом жасауды жоспарлап отыр.

Экспедиция 16–22 мамыр аралығында өтеді.

– Балалар жылы "Туған өлке сырлары" педагогикалық жобасы бойынша біз туристік-өлкетану экспедициясын ұйымдастырдық. Өткен жылы Ұлытау ауданының мектептері арасында осындай іс-шара өткізген болатынбыз. Оның нәтижелері бойынша фильм мен фотоальбом дайындалды. Қазір біз Қарағанды мен Қарқаралының оқушылары мен оқытушыларын Ұлытау тарихымен таныстырғымыз келеді. Экспедицияға қатысушылар "Ұлт ұясы – Ұлытау" атты деректі фильм мен фотоальбом көрсетеді, сондай-ақ "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының жылжымалы көрмесін көрсетеді", – деді Ұлытау ауданының білім беру бөлімінің басшысы Бағдат Әбдірайымов.

Саяхатшылар күн сайын жас туристер күнделіктерін толтырады, жергілікті тұрғындардан сұхбат алады. Күн сайын оқушылар әлеуметтік желілердегі өздерінің жеке парақшаларында #ҰлтҰясы-Ұлытау хештегімен жорық туралы ақпаратты жариялайтын болады.

Экспедиция аяқталған соң аудан оқушылар үйі жанындағы Ulytau media school үйірмесінің тәрбиеленушілері мен олардың жетекшілері деректі фильм түсіріп, электронды фотоальбом жасауды жоспарлап отыр.

Экспедиция Ұлытау ауданының білім бөлімімен ұйымдастырылды.