Инватакси қызметі Нұра ауданының тұрғындарына қолжетімді болды

Инватакси қызметі Нұра ауданының тұрғындарына қолжетімді болды

Нұра ауданында инватакси пайда болды. Оның қызметтерін жеке көмекшісі бар 1-ші топтағы мүгедек адамдар, сондай-ақ кресло-арбалармен қозғалатын мүмкіндігі шектеулі балалар пайдалана алады.

Инватакси қызметін алу үшін Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет.

"Тұрғындар бізде еркін формада өтініш жазып, жеке куәлік пен дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысын қоса беруі қажет, – деп хабарлады Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. – Осыдан кейін олар инватакси қызметтерін тегін ала алады. Инватаксиге одан әрі тапсырыс беру үшін олар біздің бөлімде құрылған диспетчерлік қызметке (8-72144) 2-16-79 нөміріне қоңырау шалуы керек".

Нұра ауданында инватакси қызметін ұйымдастыруға "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы көмектесті. Кісіпорын мамандандырылған "Газель" сатып алуға қаражат бөлді. Автокөлік "Нұра ауданының мүгедектерді қолдау қоры" ҚҚ балансына берілді. Қор көліктің шығындарын көтереді.

"Біз инватакси қызметімен биыл 75 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Сұраныс көп болуы мүмкін, – деп толықтырды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. – Біздің ауданда барлығы 1046 мүгедектігі бар адам тұрады".

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша