Қарағандылық жастарды библиофотокросс сайысына қатысуға шақырады

Қарағандылық жастарды библиофотокросс сайысына қатысуға шақырады

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Объективте – Қарағанды" алғашқы жастар библиофотокроссын өткізеді. Шараға кәсіби фотограф та, 18–30 жас аралығындағы әуесқойлар да қатыса алады.

Жарыстарға 2–5 адамнан тұратын командалар жіберіледі, оларға кез-келген фотоаппарат, планшет немесе фотокамерасы бар ұялы телефон қажет.

Әрбір қатысушы команда кросс парақшаларда жазылған шығармашылық тапсырма алады. Фотосуреттің көмегімен кітапхана ұсынған үш тақырыпты ашу керек.

Өтінімді 31 мамырға дейін кітапхананың электрондық мекен-жайына жіберу қажет: info@karlib.kz.

Басталуы мен мәре – 9 маусым.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

Үздік 45 жұмыс фотокөрмеде ұсынылып, кітапхананың ресми сайтында жарияланады.

Библиофотокросстың жағдайымен karlib.kz сайтында танысуға болады.

Байқау Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтеді.