Ұлытау ауданында оқушылар арасында үздік блогерлер таңдалды

Ұлытау ауданында оқушылар арасында үздік блогерлер таңдалды

Ұлытау ауданында 8–10 сынып оқушылары арасында үздік блогерлер таңдалды. Байқауда бірінші орынды тоғызыншы сынып оқушысы Назерке Абжамал жеңіп алды.

Назерке қазылар алқасына "Менің өмірімнің бір күні" атты блогын ұсынды. Бұл бес минуттық роликте ол тек өзінің бір күндік кестесін ғана көрсетіп қоймай, жаңа білім алуға қалай ұмтылатынын көрсете алды.

– Мен № 1 Ұлытау тірек мектебінде оқимын. Бесінші сыныптан бастап бейнетүсірілім мен әлеуметтік желілердегі өз роликтерімді жарнамалаумен әуестенемін. Бір жыл бойы мектептің Instagram-парақшасын жүргіземін, – деді Назерке. – Маған бұл өте ұнайды. Байқауға өз мүмкіндігімді сынау үшін қатысуға шешім қабылдадым. Алдымен өтпей қалам деп қорықтым. Бірақ өз өзімді қолға алып, қызықты мазмұн ойластырып, ақыры жеңдім.

Байқауды аудандық білім бөлімі және ULYTAU MEDIA SCHOOL жас журналистер мен блогерлер студиясы ұйымдастырды. Байқауға қатысуға 56 үміткерден өтінім келіп түсті. Оларға төрт бағыттың бірі – "Менің сүйікті мектебім", "Менің туған ауылым", "Менің отбасым" және "Менің өмірімнің бір күні" блогын таныстыру міндеті қойылды.

– Байқау балалар жылы аясында ұйымдастырылды. 56 қатысушының арасынан 33 оқушы блогын ұсынды. Олардың жұмыстарын білікті қазылар алқасы бағалады, – деді ULYTAU MEDIA SCHOOL студиясының жетекшісі Думан Әден. – Бірінші орынды №1 тірек мектебінің оқушысы Назерке Әбжамал, екінші орынды № 11 ЖББОМ сегізінші сынып оқушысы Гүлзат Шүкірова, үшінші орынды № 1 тірек мектебінің оныншы сынып оқушысы Маржан Шабаз иеленді.

Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, бірінші орын иегері "Ұлт ұясы – Ұлытау" туристік өлкетану экспедициясына қатысуға жолдама алды. Ал екінші және үшінші орын иегерлері "Дала LIFE" этнолагеріне жолдама алды.

– Экспедиция мен этнолагерьге қатысудан басқа жеңімпаздар ондағы контентті түсіріп, аудандық білім бөлімінің сайтында жариялайтын болады. Бұл көп нәрсені үйреніп қана қоймай, далалық жұмыстың тәжірибелік дағдыларын да ала алатын оқушылар үшін тамаша мүмкіндік, – деп атап өтті Думан Әден.