Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2022 жылғы 18 мамырда (уақыт қосымша хабарланатын болады) Абай көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан мәдениет үйінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72144) 21-7-21 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) қалдыруға немесе келесі электрондық поштаға жіберуге болады: z.ryspaeva@karaganda-region.gov.kz.