Қарағандылықтарды жеңіл атлетикадан эстафетаға қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды жеңіл атлетикадан эстафетаға қатысуға шақырады

1 мамырда Қарағандыда «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің дәстүрлі 75-ші жеңілатлетикалық эстафетасы өтеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған спорт мерекесіне барлық әуесқой жүгірушілер шақырылады.

Биыл жарыстың форматы өзгерді. Енді эстафетаға кез-келген коммерциялық және мемлекеттік ұйым қатыса алады. Жас шектеулері жоқ. Сонымен қатар, спорт ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі қарағандылықтар да шақырылады. Олар үшін 1400 метрге «Достық» жарысы ұйымдастырылады. Осы достық эстафетаның барлық қатысушылары сертификаттарға ие болады.

– Оқушылар, колледж оқушылары, ЖОО студенттері, өндірістік ұжымдардың қызметкерлері жеке қатысатын болады, – дейді эстафетаны ұйымдастырушылардың бірі – жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жетекшісі Нұрлан Түсіпов. – Әйелдер мен ерлер командаларына бөліну болады. Бір командада 10 адам болуы керек, өйткені бізде 10 кезең бар. Олардың біріншісі – 1 км, қалғандары – 300 м, соңғы қатысушы 350 м жүгіреді.

Эстафета Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысында өтеді. Старт және мәре – тутұғырда. Жүгірудің жалпы ұзындығы – 4 км 100 м.

Әр топтағы жеңімпаздар кубоктармен және дипломдармен марапатталады.

Қатысуға өтінімдерді қабылдау 29 сәуірде сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайында өтеді.

Қатысушыларды жинау 1 мамыр сағат 10:30-да.

Анықтама телефондары: (8-7212) 41-04-94, +7-775-808-01-20.