Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек нөсер су ағатын арыққа батып кеткен 9 жасар баланың ата-анасына көңіл айтты. Қайғылы оқиға үшінші сәуірде Қарағандыда орын алды.
– Жергілікті жерлердегі барлық әкімдіктер халық арасында профилактиканы күшейтуі тиіс. Мұндай қауіпті жерлерде ескерту белгілерін қою қажет. Қазір басты міндет – осындай қайғылы жағдайдың қайталанбауы үшін барлық жағдайды жасау, – деді Жеңіс Қасымбек. – Қазір облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр, қар көп еріп жатыр. Жауапты қызметтер кез-келген штаттан тыс жағдайға дайын болуы керек.
Облыс әкімі ата-аналарға балалармен көшелердегі қауіп туралы әңгімелесуді сұрады. Ол сондай-ақ білім басқармасына мектептерде қауіпсіздік ережелері туралы іс-шаралар өткізуді тапсырды.