Қазтұтынуодағы Қарағанды Университеті QS Stars аудитінің 4 жұлдызына ие болды

Қазтұтынуодағы Қарағанды Университеті QS Stars аудитінің 4 жұлдызына ие болды

Қазтұтынуодағы Қарағанды Университетіне Quacquarelli Symonds (QS) жетекші әлемдік рейтингтік агенттігінің QS Stars 4 жұлдызы берілді. Әлемде барлығы 10 университет QS Stars 5+ жұлдызына және 80 ЖОО – 4 жұлдызымен бағаланған.

Quacquarelli Symonds (QS) жетекші әлемдік рейтингтік агенттігінің QS Stars атты университеттердің қызметін жан-жақты талдауы әлемнің көптеген елдеріндегі ең табысты және үздік университеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тәуелсіз аудиторлар әлеуетті үміткерлер үшін маңызды критерийлер бойынша бағалау жүргізеді, себебі олар таңдалған ЖОО сенім үдерісінен шығатынын, онда оқу қаншалықты ыңғайлы екенін, алған білімдері олардың мансабына қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді.

2021 жылдың соңында жүргізілген халықаралық аудиттің қорытындысы бойынша QS Stars әдістемесі бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті жалпы «4 жұлдызды» құрметті рейтингке ие болды, ал «Жұмыспен қамту», «Педагогикалық қызмет», «Академиялық даму» санаттары бойынша университетіміз «5 жұлдыз» алды.

Әртүрлі QS рейтингтерінде тұрған 27 отандық университеттің тек 2-інде ғана (Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазтұтынуодағы ҚарУ) QS Stars аудитінің 5 және 4 жұлдыздық балы бар.