Онлайн-бос орындар жәрмеңкесі жұмыссыз қарағандылықтарға жұмысқа орналасуға көмектеседі

Онлайн-бос орындар жәрмеңкесі жұмыссыз қарағандылықтарға жұмысқа орналасуға көмектеседі

Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн бос орындар жәрмеңкесін өткізу туралы жариялады. Instagram платформасында Орталықтың қызметкерлері бос жұмыс орындары туралы ақпарат береді.

Онлайн-жәрмеңке 28 қаңтарда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін өтеді. Жұмыссыз қарағандылықтар орталықтың @czn_karaganda Instagram парақшасына жазылуы қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша орталықтың 8-775-644-35-80 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту үшін онлайн-формат таңдалды.

@czn_karagandа