Қарағанды өнер колледжінің студенті кавер үшін қос платина дискісін алды

Қарағанды өнер колледжінің студенті кавер үшін қос платина дискісін алды

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 4-курс студенті Арыстан Әбілдин өткен жылдың қорытындысы бойынша шығармашылық табыстары және Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне кавер рекордтық көрсеткішпен, дәлірек айтсақ 45 млн рет тыңдалғаны үшін қос платина дискісін алды.

 «Быстро» әні 45 миллион тыңдауды жинап, қос платина дискісін алды. Кезінде мен әншілер осындай марапаттар алып жатқанын көріп, ондай сыйлыққа ие болуды тек армандаушы едім. Күндердің бір күнінде өз жұмысым үшін платина аламын деп елестете алмадым. Мені қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын», – деп жазды Арыстан өзінің Instagram парақшасында.

Платина дискісі – сатылған көшірмелер санына байланысты берілетін музыкалық альбом мәртебесі.