Қарағанды облысының құтқарушылары демалыс күндері 25 рет шақыртуларға шықты

Қарағанды облысының құтқарушылары демалыс күндері 25 рет шақыртуларға шықты

Өткен демалыс күндері, 15–16 қаңтарда Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 25 рет шақыртуларға, соның ішінде өрттерді сөндіруге, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарына шықты. Олар бес адамды құтқарып, үшеуін эвакуациялады.

Дауылды ескертулерге қарамастан, құтқарушылар автокөлік жүргізушілерінен көмек сұрап хабарламалар алды. 15 қаңтарда Осакаров ауданында Осакаровка – Литвинов – Тельманское – Молодежное а/ж 68-ші шақырымында "Audi-80" көлігінің техникалық ақаулығы салдарынан үш адам, оның ішінде бір бала Молодежный кентіне эвакуацияланды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Ұлытау ауданында, Қарсақпай а/о, "Бұрмаша" қыстағында 16 қаңтарда ТЖД, полиция бөлімшесінің қызметкерлері, туыстары мен жергілікті тұрғындар сол күні кешке "Қаратөбе" қыстағына аттанған үш адамды іздеді. Олардың "Нива" көлігі межелі жерге жетпей тұрып қалған.  17 қаңтар күні таңертең жоғалып кеткендер Қарсақпай ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырым қашықтықта орналасқан "Балбырауын" қыстағына дейін жеткен. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

"Төмен температуралар, жолдарды қар басуы, көктайғақ, жолдың нашар көрінуі жағдайларында халыққа алыс қашықтықтарға, әсіресе түнде және ауа райы нашарлаған кезде сапарлардан және жорықтардан аулақ болуды ұсынамыз", – деп ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына жүгінеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша