Балалар шыршалары: Қарағанды мен Теміртаудағы Жаңа жылдық қойылымдар

Балалар шыршалары: Қарағанды мен Теміртаудағы Жаңа жылдық қойылымдар

Жаңа жыл қарсаңында балаларға Аяз ата және Ақшақармен қайда кездесуге болатындығы туралы сұрақ туындайды. Біздің топтамада Қарағанды мен Теміртауда өтетін жаңа жылдық қойылымдар жинақталған.

Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік

27 желтоқсан, 11:00, 14:00

«Шалқыма» концерттік залы

Бірлестік әртістерінің қатысуымен «Жаңа жылдық ғажайыптар» бағдарламасы.

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры

Балаларға арналған «Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық театрландырылған қойылым

18, 19, 20 желтоқсан, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00

«Волшебная хлопушка» музыкалық ертегісі достық, Жаңа жыл және оның ғажайыптары туралы қойылым.

21, 22, 23 желтоқсан, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00

Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Щелкунчик» туындысының желісі бойынша ертегі. Сиқырлы ертегі әлемінде ойыншықтар тіріледі және тоқаш корольдігіндегі билікті тышқандар басып алмақ болып әрекет етеді. Бірақ ең маңызды сиқыр – батылдық және мейірімді жүрек.

24, 25, 30 желтоқсан, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00

Интерактивті ертегі-экшн «Аққалаға кім қарсы келеді?»

Қоян мен тиін қардан жаңа дос – Аққала соқты, ал ашулы Мыстан кемпір оны ерітіп жібермекші. Бәрі жақсы аяқталуы үшін көрермендердің көмегі қажет.

26, 27 желтоқсан, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00

«Питер Пэн» музыкалық ертегісі

Тек балалық шақта ғана Питер Пэн есімді ұшатын балны кездестіре аласыз, онымен алыс аралға ұшып, қарақшы Крюкпен күресіп, Үндіс көшбасшысының қызын босата аласыз.

28, 29 желтоқсан, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00

«Насреддиннің Алтын есегі» музыкалық ертегісі

Насреддин айлакер хан мен оның жақтастарын озып кетуге тырысады. Ол үшін өзінің тапқырлығы, адал есегі және алтын тыйыны бар.

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры

21 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00

«Ғажайыпқа толы жаңа жыл» театрландырылған қойылымы және «Күнделік» ертегісі.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры

21 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін балаларға арналған жаңа жылдық қойылымдар.

Қызыл зал: «Алтын балық» жаңа жылдық ертегісі, 9:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00, 19:00.

«Буратино» қуыршақ студиясы: «Сиқырлы қар» жаңа жылдық ертегісі, 09:30, 11:30, 13:30, 15:30, 17:30.

Кемпірқосақ залында: «Керемет Қоңыраулар» Жаңа жылдық ертегісі, 9:30, 11:30, 13:30, 15:30, 17:30.

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры

«Жаңа жылдық ойындар» интерактивті сиқырлы оқиғасы

Балалар көптеген қысқы ғажайыптарды және Аяз Ата мен Ақшақармен көптен күткен кездесуге қатысады. Жақсы жаңа жылдық оқиға жарқын эмоциялар мен ғажайыптарға толы болады.

25 желтоқсан, 10:00, 13:00

«Қызыл телпек» ертегісі

«Ерте заманда кішкентай қыз болды. Анасы оны керемет жақсы көрді, ал әжесі одан да қаттырақ жақсы көрген. Немересінің туған күніне әжесі оған қызыл телпек сыйлады. Содан бері қыз барлық жерге сол бас киімін киіп барған. Көршілер ол туралы былай деді: «Кішкентай Қызыл телпек бар», – осылайша біз бәріміз жақсы көретін Чарльз Перроның ескі, әйгілі ертегісі басталады. Бірақ театр ертегісі мүлдем басқаша аяқталады.

26 желтоқсан, 10:00

«Бауырсақ» ертегісі

Көңілсіз қоян, қонақжай қасқыр, қамқор аю, күлкілі түлкі... барлық осы кейіпкерлермен Көңілді Бауырсақ кездеседі, ал оқиға қалайша әрі қарай өрбігенін ертегіден көре аласыздар.

2 қаңтар, 16:00

«Күл қыз» ертегісі

Бақытсыз қыз өз өмірінде керемет ғажайып болғанын қалайды. Ол әлемдегі жалғыз адам: «Мен сені жақсы көремін!» деп айтқанын армандайды. Оның армандары орындала ма?