Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері поэтикалық батлда бас жүлдені жеңіп алды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері поэтикалық батлда бас жүлдені жеңіп алды

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!» жастар батлында жоғары оқу орындарының студенттері ақындық, тапқырлық және эрудиция шеберлігінен жарысты. Шығармашылық сайыстың бас жүлдесін Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Тәуелсіз елдің қырандары" командасы жеңіп алды. 

Іс-шара мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Оған Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ, ҚарТУ, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Қарағанды индустриялық университетінің, BOLASHAQ академиясының және Орталық Қазақстан академиясының командалары қатысты. 

"Мұндай форматтағы байқау алғаш рет өтуде. Ол төрт турдан тұрды. Командалар өздерінің ақындық қабілеттері мен шешендік өнерін таныстыруы керек еді. Үй тапсырмасы ретінде оларға тәуелсіздік туралы өлең, жырлар жазу керек болды. Байқау барысында олар жеребе арқылы белгілі тұлғалардың аттарын таңдады. Сонымен қатар, блиц-турнирде әр командаға ел тарихы бойынша алты сұрақ қойылды. Барлық қатысушылар тапсырмаларды өте жақсы орындады", – деп атап өтті батл ұйымдастырушылары.

Батлада бірінші болып Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың "Мұзбалақ" командасы болды.

Екінші орынды Қарағанды техникалық және индустриялық университеттерінің "Алты Алаш" және "Жас қазақ" командаларының қатысушылары өзара бөлісті.

Орталық Қазақстан академиясы мен BOLASHAQ академиясының "Жалын" және "Болашақ" командалары үшінші сатыға көтерілді.

– Біз жеңіске өте қуаныштымыз. Бұл бірегей атмосферасы бар керемет байқау болды. Барлық командалар жақсы дайындалған. Жеребе бойынша бізге боксшы Бекзат Саттарханов келді. Біз сол жерде ол туралы өлең жаздық және конкурстың барлық тапсырмаларын өте жақсы орындадық. Финалда біздің баллдарымыз Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ командасының баллдарымен теңесті. Сондықтан қазылар алқасының мүшелері бізге қосымша тапсырма берді, оның қорытындысы бойынша біз Гран-приге ие болдық, – деді бас жүлде алған команданың капитаны Роза Майрол.