Теміртауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында Достық үйі ашылды

Теміртауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында Достық үйі ашылды

Елбасының еңбек отаны – Теміртау қаласында алдағы Тұңғыш Президент күнін ерекше атап өтеді. Мереке қарсаңында металлургтер қаласында барлық азаматтық секторды біріктіретін Достық үйі ашылды.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа әлеуметтік нысанды аралап, қоғам белсенділерін жаңа қоныстойымен құттықтады.

Кәсіптік-техникалық училищенің бос тұрған үй-жайы екінші өмірге ие болды. Ғимараттың іші-сырты қайта қалпына келтірілді.  Достық үйінде этномәдени бірлестіктер, ҮЕҰ, жастар және еріктілер ұйымдары орналасады. Олардың жұмысы үшін 57 кабинет жабдықталған. Медиа студиясы бар.

Түрлі ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп, жетілдіре алатын тіл клубы жұмыс істейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында медиация кабинеттерін ашу жоспарлануда.

Теміртауда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында салтанатты іс-шара өтті. Оған Елбасының әріптестері мен Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты.

– Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын қорытындылай келе, біздің еліміз Тұңғыш Президенттің басшылығымен жаһандық тарих үшін осындай қысқа мерзім ішінде қандай экономикалық, саяси және мәдени серпіліс жасағанын айқын көреміз, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде. – Құрылған қолайлы инвестициялық ахуалдың арқасында облыс картасында прогрессивті технологияларды қолдана отырып, 100-ге жуық ірі жаңа кәсіпорындар пайда болды және олардың саны жыл сайын өсіп келеді. Шикізат өңірінен біз дамыған кәсіпкерлік кластерге өстік. Бүгінде облыстың әрбір үшінші тұрғыны шағын және орта бизнеске тартылған.

Ол Елбасының серіктестеріне алғысын білдірді. Өз кезегінде ардагерлер тұңғыш президенттің жастық шағы және Мемлекет басшысының Теміртауға сапарлары туралы естеліктерімен бөлісті.

30 жыл ішінде дәрігерлердің, мұғалімдердің, музыканттардың, спортшылардың, жұмысшылардың, өнеркәсіпшілердің бүкіл буыны өсті.

Кездесуге Бұқар Жырау ауданынан «Золотой голос России» халықаралық вокалдық фестивалінің лауреаты Виталий Жауров келді.

– Мен Қазақстанды бүкіл әлемге таныта алатыныма қуаныштымын, – дейді жас әнші.

Тәуелсіздік құрдастары өздерінің әртүрлі салалардағы жетістіктері туралы айтып берді.