Қарағанды облысының кәсіпорындары қандай жаңа өнім шығарады

Қарағанды облысының кәсіпорындары қандай жаңа өнім шығарады

Қарағанды облысында индустрияландыру жылдары өңдеу өнеркәсібінде 68 жоба іске асырылды. Бұл саланы жаңа деңгейге шығарды. Даму жалғасуда – 2025 жылға дейін тағы да ондаған ірі жобаларды іске асыру жоспарланған.

Онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте өңдеу өнеркәсібінің жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

– 2015 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібінің көлемі 16,2%-ға, еңбек өнімділігі 20,3%-ға, шикізаттық емес экспорт 32%-ға өсті. 2021 жылдың 10 айында өнім шығару 2,8 трлн теңгені құрады, – деп хабарлады өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков.

Облыстың ЖӨӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 36%-дан асты.

Баяндамашы өңір кәсіпорындары қандай жаңа өнім шығаратынын айтты. Бұл болат арқандар, шарлы крандар, отқа төзімді материалдар, алдын ала оқшауланған құбырлар, ферросилиций, диірмендерге арналған резеңке-металл төсеніштер және басқалар. Бұрын мұның бәрін шетелден әкелуге тура келді.

Облыста машиналар мен жабдықтарды жөндеу бойынша қызметтердің дамуы байқалады. Сондай-ақ кеніштер мен карьерлерде жұмыс істейтін ауыр жүк тиегіштерге арналған қосалқы бөлшектер өндірісі артты.

Жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика көлемі өсуде.

Билік жергілікті қамтуды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл қолдау кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне және жұмыс орындарының сақталуына ықпал етеді.

– Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бастап облыста өңдеу өнеркәсібінде 68 жоба іске асырылды. Инвестицияның жалпы сомасы 243 млрд теңгені құрады. 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. – Бұл секторда тағы да бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Автомобиль шиналарын, жоғары сапалы ізбест, арнайы кокс шығаратын зауыттар салынуда. Жалпы, 2025 жылға дейін 2,2 трлн теңгеге 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, олардың басым бөлігі өңдеуші өнеркәсіпте.

Өңір басшысы саланы дамыту және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берді.