
Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі 30 қараша күні сағат 18:00-де қарағандылықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған концертке шақырады. Достық үйінде Музыка мерекесі өтеді.
Концертке ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлмира Тапай, Медеу Шилманов, Кәмшат Насырова, Динасыл және Ерасыл Бақтыгерей, Сұлтан Дәулетхан, Нұрболат Жансая, сондай-ақ «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі мен Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері қатысады.
Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.
Анықтама 41-13-14, 41-22-30 телефондары бойынша.