Теміртау театры «Драма KZ. Города» бағдарламасын іске қосады

Теміртау театры «Драма KZ. Города» бағдарламасын іске қосады

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры «Драма KZ. Города» бағдарламасына бірінші болып қосылды. Бағдарлама кез келген қазақстандық қаланың кез келген театрына «Драма KZ. Города» фестивалінің бір немесе бірнеше пьесасын оқып танысуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Фестиваль жылына бір рет Алматыда өтеді. Бүкіл Қазақстан бойынша талантты авторлардың үздік пьесалары іріктеледі және  заманауи драматургия мерекесі ұйымдастырылады. Фестивальде мәтіндер оқып танысу түрінде ұсынылады.

Теміртау театры «Драма KZ. Города» іс-шарасын өткізетіндердің бірі кездейсоқ болған жоқ. ЖКТ-да 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Пьесаларды оқу» жобасы басталды. Осы уақыт ішінде шетелдік және отандық авторлардың драматургиясының 17 туындысы оқылды. Бұл қазіргі заманғы және классикаға айналған пьесалар болды.

Жоба 17 желтоқсанда театрда өтеді. Қазақстандық екі заманауи пьесаны оқып танысу, талқылау және кофе-брейк жоспарланған.

Кіру тегін.

Орынды кассаның +7-708-430-23-93 телефоны бойынша брондауға болады.

Толық кесте театрды Instagram әлеуметтік желісінде – @temirtau.tuz парақшасында жарияланады.