Сәтбаев қаласында Жеңіс саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды

Сәтбаев қаласында Жеңіс саябағы қайта жөндеуден кейін ашылды

Сәтбаев қаласында қайта жөндеуден кейін Жеңіс саябағы ашылды. Оның жаңаруы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай қала тұрғындарына сыйлық болды.

Қырық жылдан астам уақыт бойы салынған саябақ заманауи талаптарға сай келмеді. Қала тұрғындарының жайлы демалуы мен серуендеуі үшін қарапайым жағдайлар болған жоқ, сонымен қатар мемориалдық кешеннің өзі және оның айналасы тозған еді.

– Мемориалдық аймақ пен монументтің өзі қалпына келтірілді, кіреберіс арка жаңартылды, бақылау-өткізу бекеті салынды, субұрқақтар, жарықтандыруға арналған заманауи саябақ шамдары және демалуға арналған ыңғайлы орындықтар, балалар мен спорт, ойын алаңдары, шағын сәулет нысандары, жаңа қоршаулар орнатылды, ағаштар отырғызылды, жаңа жаяу жүргіншілер, жүгіру және велосипед жолдары төселді, – деді Сәтпаев әкімі Асқар Ыдырысов.

Өзгерістер саябақтың тек сыртқы түрін ғана емес, сонымен бірге ақпараттық толтыруды қамтыды. Мемориалдық аймақтағы арнайы тақтайшаларға орналастырылған материалдар отандастарымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктеріне арналған. Онда Бауыржан Момышұлы, аты аңызға айналған генерал Панфилов дивизиясының жауынгерлері, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, қарағандылықтар туралы, оның ішінде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Талғат Бигелдинов, жазушы Баубек Бұлқышев және басқалар туралы деректер бар. Даңқ ордендерінің толық иегерлері Жақсымбек Үншібаев пен Виктор Курьяновқа ерекше орын берілді.

Саябақты қайта құрудың негізгі идеясы оны көп функциялы ету және тарихи маңыздылығын сақтау болды. Жаңартылған Жеңіс саябағы сәтбаевтықтарды қуантып, жаңа мәдени-тарихи орталыққа айналады, деп қосты қала әкімі.