Қоғам белсенділері елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау қағидаттарын Жезқазған және Сәтбаев жастарымен талқылады

Қоғам белсенділері елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау қағидаттарын Жезқазған және Сәтбаев жастарымен талқылады

Жезқазғанда «Полиэтникалық Қазақстан: ұлттық бірліктің қалыптасуы жағдайындағы этномәдени генезис» тақырыбында ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің жастар өкілдерімен облыстық кездесуі өтті. Іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

Кездесу жастарга тарихи-мәдени синтез жағдайында қазақстандық қоғамның құндылықтарын дәріптеу үшін ұйымдастырылды. Оған жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, жастар белсенділері, облыстың қалалары мен аудандарының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

– ҚХА-ның XXIX сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік саясаттың бес қағидатын және таяу жылдардағы ұлттың жаңа бірегейлігін атап өтті. Бұл – мемлекет пен азаматтар арасындағы сенім мен өзара іс-қимылға негізделген қазақстандық патриотизм; азаматтық теңдік; мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі; әралуандықтағы бірлік; ұлтты үнемі жаңғырту, – дейді Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын. – Олар қазіргі кезеңде қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясатты көрсетеді.

Іс-шара спикерлері ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуакасова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова, білім беру саласының құрметті қызметкері және меценат Бекзат Алтынбеков, кәсіби медиатор Шерзод Пулатов, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жастар қозғалысының төрағасы Тимур Джумырбаев, сондай-ақ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Дарын Әбілжанов сөз сөйледі.

Іс-шара Жезқазғанның оқушы және студент жастарымен кездесумен жалғасты. Одан әрі шараға қатысушылар «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды.

Осындай кездесу Сәтпаев қаласының белсенділерімен де өтті. Спикер ретінде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Әйгерім Исбекова және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы Александр Урмашов сөз сөйледі.